К 30-летию Независимости Казахстана | 09 ноября 15:41

ENERGY Шуағы әйелдер энергетикалық қоғамдастығының I форумы өтті

KEGOC компаниясының Қазақстан өңірлеріндегі қызметкер әйелдері мен салалық әйелдер қауымдастықтарының өкілдерін біріктірген ENERGY Шуағы I форумы өтті.

Қоғамдастық төрайымы, «KEGOC» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева ENERGY Шуағы қызметінің нәтижелерін таныстырып, әйелдердің өндірістік жобаларды іске асыруға, цифрландыруға және инновациялық шешімдерді енгізуге қосқан үлесін атап өтті.

 

Форумда шақырылған сарапшылар – KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина, KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының төрайымы Айзада Аққайсиева, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «МұнАйым» әйелдер клубының төрайымы Шолпан Ілмұхамбетова және «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Umai Gas» газ саласы әйелдер клубының төрайымы Ұлжалғас Нарымбетова кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, KEGOC филиалдарының өкілдері өз жетістіктері мен іске асырған жобалары туралы айтып берді.

 

 

Форум қорытындысы бойынша ENERGY Шуағы қоғамдастығын 2027 жылы дамытуға арналған нақты ұсыныстар әзірленді. Олар әйелдердің кәсіби өсуіне, тәлімгерлік пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, қызметкер әйелдерді қолдауға және филиалдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Бұл бастамалар қоғамдастықтың 2027 жылға арналған жұмыс жоспарына негіз болады.