К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қараша 13:18

Ержан Мұқанов: Қазақстан мен Канада – сенімді серіктестер

Астанада Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің 5-ші отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан мен Канаданың мемлекеттік органдарының, энергетика, тау-кен және мұнай-газ өнеркәсібі, авиация, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқа салалардағы ірі қазақстандық және канадалық компаниялардың өкілдері қатысты.

Кеңестің тең төрағалары – Қазақстан тарапынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Мұқанов, Канада тарапынан Cameco Corporation президенті Тим Гитцель.

«Қазақстан мен Канаданың өзара тиімді ынтымақтастығы екі ел үшін мұнай және тау-кен металлургия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, энергетика сияқты маңызды бағыттарда белсенді дамып келеді. Екі ел арасындағы тауар айналымы үнемі өсіп отыр, бұл біздің мүмкіндіктерімізді іске асыру үшін айтарлықтай әлеуетті көрсетеді, – деп атап өтті Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Ержан Мұқанов. – Іскерлік кеңес ынтымақтастық бағыттарын одан әрі әртараптандыруға ықпал ететініне және қос елдің экономикасының дамуына елеулі серпін беретініне сенімдімін».