Теміржолшы өзінің еңбек демалысында Павлодар қаласындағы жеке жағажайлардың бірінде 11 жастағы қызды құтқарып, өзі қаза тапты. Ол 59 жаста еді.
Төсбелгіні теміржолшының ұлына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының орынбасары Нұржан Қалдыбатыр тапсырды. Ол бұл марапат ерекше қырағылық, батылдық пен батырлық үшін берілетінін атап өтті.
Әріптестері Марат Рахымжанов туралы жақсы отбасы екендігін, жауапты қызметкер және кәсіби маман дегенді үнемі айтып жүреді. Ол теміржолшылар әулетінен шыққан. Темір жолға көп жылдар бойы машинист болып жұмыс істеген әкесінің ізімен келген. Жас теміржолшыларға тәлімгер болды.
Марат Рахымжанов жұбайымен бірге екі ұл тәрбиеледі. Оның төрт немересі өсіп келеді.