К 30-летию Независимости Казахстана | 27 наурыз 08:30

Есен Өтеев ҚазМұнайГаздың Ақтаудағы өкілдігінің директоры болып тағайындалды

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры болып 2023 жылы 24 наурыздан бастап Есен Оғланұлы Өтеев тағайындалды.

Есен Өтеев бұған дейін ҚМГ өкілдігінде атқарушы директор қызметін атқарып келді.

Ол 2019-2022 жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры болып қызмет етті. Сондай-ақ әр жылдары «Өзенмұнайгаз» АҚ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

ҚМГ өкілдігінің бұрынғы директоры Құрманғазы Есқазиев қызметінен кетті. 2023 жылдың ақпан айында Қ.Есқазиев «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалды.