Кездесу барысында екі тарап 12 маусымға жоспарланған орта дәліз бойындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Еуроодақ – Орталық Азия үйлестіру платформасының іске қосылуы бойынша өтетін іс-шараны талқылады. Сонымен қатар тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықтың ілгерілеуін, атап айтқанда ЕО мен ҚР арасындағы келісімге қол қою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.
Басты балама бағыт ретінде Азияны Еуропамен байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ трансқазақстандық дәліздердің әлеуетін дамыту үшін перспективалы инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар атап өтілді.