К 30-летию Независимости Казахстана | 05 маусым 15:00

Еуропалықтар ТХКМ бағытын зерттеуде

Ақтау портына Транскаспий дәлізінің инфрақұрылымымен танысу үшін Германия Федеративтік Республикасының (GTAI) Орталық/Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша сауда және инвестициялар ведомствосының менеджері Эдда Шлагер ханым келді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қонақ ТХКМ көлік байланысын қамтамасыз ететін қазақстандық мультимодальды тасымалдың тармақталған желісінің негізгі теңіз буынының мүмкіндіктерімен танысты.

Бұдан басқа, Ақтау портының басшысы Абай Түрікпенбаев GTAI өкілімен клиентке бағдарланған сервис жасау бойынша дамуды тежейтін факторлар мен шараларды жою үшін инфрақұрылымдық және институционалдық негіздерді қалыптастыру бойынша салалық жоспарларымен бөлісті.