Мониторинг барысында Қордың және оның ірі портфельдік компанияларының сатып алу қызметі бақыланды. «Самұрық-Қазынаның» барлық сатып алу қызметі zakup.sk.kz веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі.
Жоспарланған және жүргізіліп жатқан сатып алулар туралы ақпарат ашық жарияланады. Сонымен қатар, кез келген адам шағымдармен және олардың қаралу нәтижелерімен таныса алады. Қордың веб-порталы ҚР Бас прокуратурасының ақпараттық жүйелерімен және «Атамекен» ҰКП-ның «Бір терезе» жүйесімен, сондай-ақ, ҚМА және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен біріктірілген. Қадағалау органдары сатып алу порталына кіріп, оларды тексере алады.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында «Самұрық-Қазына» 15 шара енгізді. 2024 жылдың өткен кезеңінде 182,3 млрд теңгеге 298 офтейк-келісімшарт жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 есе көп. Ал 2024 жылы қазанда ЕҚҚДБ басшысы ҚР президентімен кездесуде «Самұрық-Қазынаның» сатып алу рәсіміне оң бағасын берген еді.