К 30-летию Независимости Казахстана | 13 ақпан 11:18

Биыл ұшақ бағасы арзандайды

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2018 жылғы таза табысы 5,3 млн АҚШ долларын құрап отыр. Компанияның жалпы кірісі 10 пайызға өсіп, 840,8 млн АҚШ долларын межелеуде.

Жалпы жолаушылар ағымы 3%-ға көтеріліп, 4,3 млн адамды көрсетуде. Астана мен Алматы қалалары арқылы өтетін транзиттік тасымал көлемі 48%-ға жоғарылап, халықаралық алыс-берістің 40%-ын еншілеген.

"2018 жыл авиакеросиннің қымбаттауына және халықаралық және ішкі нарықтағы негізгі бағыттардағы бәсекелестіктің артуына байланысты оңай болмады. Биыл біз авиакеросин 2018 жылдың маусым айындағы ең жоғары бағамен салыстырғанда 16% -ға арзандап, сондай-ақ мамыр айында FlyArystan бюджеттік бөлімшесі іске қосылады деп отырмыз. Бюджеттік авиакомпания дегеніміз сол, ішкі және аймақтық бағыттардағы сапарлар үшін тамаша мүмкіндік туады. FlyArystan іске қосылуына қатысты заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілгеннен кейін арзан тарифтердің жолаушыларды қуантатыны анық", - дейді «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер.