К 30-летию Независимости Казахстана | 15 ақпан 08:16

Эйр Астана IPO барысында KASE-де 49,2 млрд теңге тартты

Қазақстанның ең ірі әуекомпаниясы «Эйр Астана» АҚ IPO барысында KASE-де 49,2 млрд теңге (108,9 млн АҚШ долларының баламасы) немесе жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялар көлемінің 76 пайызын тартты.

KASE-дегі сұраныс жергілікті нарықта ұсынылған жай акциялар көлемінің 186% -ын құрады. Орналастыруға KASE қор нарығының 19 мүшесі қатысты.

Жеке тұлғалардың шоттарына орналастыру нәтижелері бойынша 24,3 млрд теңге сомасына қағаздар түсті (KASE-де орналастыру көлемінің 49,4%), институционалдық инвесторлардан түскен қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 24,9 млрд теңгені (орналастыру көлемінің 50,6%) құрады.