Кездесуге Қазақстан мен Финляндияның дипломаттары және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Eastcham Finland, Epse, Lamor, Metso Outotec, Nokia Enterprise, PayIQ, Infra & Energy Teknos және Wärtsilä Finland компанияларының басшылары қатысты.
«Тараптар көлік және логистика салаларындағы өзара әріптестікті, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамытуды, сондай-ақ тау-кен және металлургия өнеркәсібінде цифрлы шешімдер мен технологияларды енгізу жолдарын қарастырды», – делінген хабарламада.
Кездесудің соңында Д.Щеглова В.Скиннари мен финляндиялық бизнес қауымдастықтың өкілдерін елімізде өтетін өнеркәсіп салаларын карбонсыздандыруға арналған Astana Mining & Metallurgy XIII халықаралық тау-кен металлургия конгресіне қатысуға шақырды.