К 30-летию Независимости Казахстана | 13 қазан 16:30

Fitch «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының «ВВ» рейтингін растады

Fitch Ratings шетел және ұлттық валютадағы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұзақ мерзімді эмитенттің дефолт рейтингін (ЭДР) «BB» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».

Рейтингтің расталуы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға жүктелген өкілеттіктер мен фунциялардың атқарылуын ескере отырып, компанияға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау факторына агенттіктің берген бағасының өзгермегенін көрсетеді.

Компания өз қызметін жүзеге асыратын операциялық орта әлі де компанияның операциялық кірістер мен шығыстардың кенеттен орын алатын өзгерістеріне ұшырауы мүмкін.

Компанияның қарызы азаюда, бұл кредитті өтеу қабілеттілігін қайта қарап, өздігінен «b» деңгейінен «b+» деңгейіне дейін жоғарылауына мүмкіндік берді.