Мысалы, Алматы-Тараз бен Нұр-Султан-Павлодар бағыттарындағы біржақты билет құны 3999 теңгеден басталады. Бұндай арзан билеттер әлемдегі барлық әуетасымалдаушыларда ең тез сатылып кететінін ескерген жөн. Сол себепті отандық лоукостер барлық жолаушыларға сапарларын ертерек жоспарлап, билеттерді алдын ала брондап қоюға кеңес береді.
Компанияның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауованың ойынша, жазға дейін біраз уақыт бар болғанмен, саяхатты қазірден бастап жоспарлаған абзал.
"1 миллионнан астам орын сұраныс өте жоғары ыстық мезгілге қолжетімді. Біз компанияның 13 бағыты бойынша билеттерді flyarystan.com сайтынан біріншілер қатарында брондап, әуетасымал арқылы уақытпен қатар, ақшаны да үнемдеуге кеңес береміз", - дейді Жанар Жайлауова.
Бүгінгі таңда алғашқы отандық лоукостер флотында 3 "Airbus A320" ұшағы бар және де олар 10 бағыт бойынша қатынайды. Алматыдан Таразға, Шымкентке, Қарағандыға, Оралға, Павлодар мен елордаға және де кері бағытта ұшса, Нұр-Сұлтаннан ұшақ борттары күнделікті Семейге, Павлодарға, Шымкент пен Тараз қатынайды.
Желтоқсанда әуе паркі тағы бір әуелайнерге көбейіп, бағдарлар кестесі кеңейтіледі деп күтілуде. Үйреншікті бағыттарға жаңадан халықаралық Нұр-Сұлтан-Мәскеу-Нұр-Сұлтан мен Нұр-Сұлтан-Қостанай-Нұр-Сұлтан бағыттары және де Алматы мен Семей арасындағы байланыс іске қосылмақ. Барлық рейстерге билет сатылымы flyarystan.com сайтында ашық.
Естеріңізге сала кетсек келер жылы әуекомпания флоты 10 "Airbus A320" ұшағына дейін өсіп, Ақтөбе мен Қарағанды қалаларында жаңа бекеттерді ашу және күнделікті рейстер санын 70-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.