К 30-летию Независимости Казахстана | 30 қаңтар 15:30

FlyArystan 23 мамырдан бастап Астанадан Анкараға қатынайды

Компания билеттер сатылымы ашылғанын хабарлады. Билет бағасы 43 465 теңгеден басталады.

FlyArystan әуе кмопаниясы биылғы 23 мамырдан бастап Астанадан Анкараға жолаушылар тасымалдайды.

Тікелей рейстер Airbus A320 жайлы ұшақтарымен жасалады.

«Анкара - Түркияның астанасы және екінші ірі қаласы, оның халқы 4,9 миллион адамды құрайды. Қала Анкара мен Чубук өзендерінің түйіскен жерінде, Анадолы үстіртінде орналасқан және елдің маңызды экономикалық және саяси орталығы болып табылады. Қала туристерді ежелгі дәуірден бері сақталған әдемі сәулетімен және көптеген саябақтар мен бульварлармен, ірі сауда орталықтарымен, театрлармен және кең даңғылдармен тартады. Тарих әуесқойлары осы таңғажайып түрік қаласына саяхатты бағалайды» делінген компанияның ресми сайтынды.

Билеттер 43 465 теңгеден басталады, FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді.