«Сегізінші әуелайнердің орташа жасы 5,5 жасты, ал әуепарктің орташа жасы шамамен 7 жасты құрады. FlyArystan барлық борттарында Recaro Slim неміс креслолары орнатылған. Бұл біздің жолаушыларымызға ел ішінде, сонымен қатар лоукостердің халықаралық рейстерінде де жайлы саяхаттан ләззат алуға мүмкіндік береді», – деді FlyArystan инженерлік-техникалық қызмет көрсету бөлімінің директоры Андрей Ушаков.
Естеріңізге сала кетсек, 21 наурызда лоукостердің әуелайнерлері Атыраудан Түркістанға, сондай-ақ Түркістаннан Ыстанбұлға және кері қарай қатынай бастады. Барлық бағыттар бойынша билеттер FlyArystan мобильді қосымшасында, сондай-ақ бюджеттік тасымалдаушының сайтында қолжетімді.