Қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясы алғашқы А320neo ұшағын Airbus компаниясынан алды. Бұл туралы Airbus компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа ұшақ Aviation Capital Group компаниясымен операциялық лизинг туралы келісім бойынша пайдаланылады. Pratt & Whitney GTF™ қозғалтқыштарымен жабдықталған А320neo ұшағы 188 жолаушы тасымалдауға арналған. Әлдеқайда кеңірек әрі жарық салонының арқасында жаңа әуе кемесі жолаушыларға жайлы саяхат ұсынады.
Қазіргі таңда FlyArystan әуе компаниясының паркінде А320 тобына жататын 11 ұшақ бар. Компания оларды ішкі және сыртқы бағыттарда жолаушы тасымалдау үшін қолдануды жоспарлап отыр.