К 30-летию Независимости Казахстана | 10 ақпан 15:24

FlyArystan Алматыдан Кутаисиге ұшады

Алматы тұрғындары грузиялық Кутаисиге тікелей рейстермен қатынайтын болады. 4 маусымнан бастап FlyArystan-ның Airbus A320 ұшақтары Алматы-Кутаиси-Алматы бағытында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей рейстерді орындай бастайды.

Еске сала кетсек, Грузия 2021 жылдың мамырынан бастап лоукостер қатынай бастаған алғашқы шет елдердің бірі болды. Ақтаудан, Атыраудан, Астанадан, Шымкенттен, ал енді Алматыдан орындалатын тікелей рейстерге билеттерді FlyArystan қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында алуға болады. Оңтүстік астанадан Имерети облысының әкімшілік орталығына билет құны 40 217 теңгеден* басталады.

«Егер бұрын алматылық саяхатшылар Қазақстанның төрт қаласының бірі арқылы саяхаттаған болса, 2023 жылдың жазынан бастап олар тікелей рейстер арқылы Кутаисиге небәрі 4,5 сағатта жете алады. Кутаиси - географиялық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан, Имеретиядан Батуми мен Қара теңізге, одан қалса Грузияның басқа аймақтарына да, соның ішінде астанаға да оңай жетуге болады. Сонымен қатар, қазақстандықтар кутаисилік жас хаб арқылы Еуропаның түрлі қалаларына ұшып бара алады. Мұның бәрі FlyАrystan-ның қолжетімді билеттерінің арқасында мүмкін болмақ», - деді FlyArystan-ның ұшуды жоспарлау жөніндегі директоры Ренат Абулханов.