К 30-летию Независимости Казахстана | 01 қазан 10:32

FlyArystan егде жастағы жолаушыларға қалай қызмет көрсетеді?

Қазақстандағы Халықаралық қарттар күніне орай FlyArystan жасы үлкен буынға көңіл бөлу мен қамқорлықтың маңыздылығын еске салады, сондай-ақ әуежайда да, ұшақ бортында да қарт адамдарға сапалы қызмет көрсетуді өз парызы деп біледі.

Егде жастағы жолаушының саяхатын ыңғайлы ету үшін не істеу қажет?

Саяхат әуежайдан басталады және кейбір қарт жолаушылар үшін тіркеу бағанасынан ұшаққа дейін өздігінен жүру қиын болуы мүмкін. Бұл жағдайда жолаушы немесе билетті сатып алушы тұлға арбаның келесі түрлерін ұсынуға сұраныс жібере алады:

баспалдақпен көтеріліп-түсе алатын, жолаушылар орнына дейін өздігінен қозғала алатын, отыра алатын және орнынан тұра алатын, бірақ арбасыз ұзақ қашықтықты жүріп өте алмайтын жолаушылар үшін; баспалдақпен жүре алмайтын (оларды алып жүру керек), дегенмен жолаушылар орнына және кері қарай өздері жүре алатын жолаушылар үшін; толықтай қозғала алмайтын және арбасыз ұшаққа және кері қарай жүре алмайтын жолаушылар үшін (оларды баспалдақпен жоғары және төмен, сондай-ақ жолаушылар орнына және кері тасымалдау керек).

Жердегі қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әуекомпанияға ұшу уақытынан кемінде 24 сағат бұрын хабарлау қажет екенін ескеру маңызды. Қызметке тапсырыс беру үшін жолаушы әуекомпанияның байланыс орталығына қоңырау шалып, WhatsApp ботына, Instagram, Facebook-ке немесе special.services@flyarystan.com электронды поштасына жаза алады. Медициналық арбаны уақытылы ұсыну үшін әуекомпания жолаушылардан әуежайға ұшудан кемінде бір сағат бұрын келуін сұрайды.

Отырғызу кезінде әуе тасымалдаушысы ең алдымен егде жастағы жолаушылар мен ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларды шақырады. Ол үшін ұшу уақытына дейін 40 минуттан кешіктірмей отырғызу кезегіндегі алғашқы жолаушылар арасында болу қажет. Осылайша, қарт жолаушы алғашқылардың қатарында бортта өз орнын ала алады, сонымен қатар бос жүк сөресін пайдалана алады.

Бұдан өзге, 2023 жылғы 19 шілдеден бастап әуекомпанияда корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің пилоттық "Komek" жобасы жұмыс істейді. Ол ресми түрде 2024 жылдың 1 ақпанында іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты коммерциялық рейстерге жеңілдіктер беру арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау болып табылады.

"Komek" шеңберінде әуекомпания 1-ші топтағы және мүмкіндіктері шектеулі адамдар (мүгедек адамдар) үшін бір еріп жүретін тұлғаға Қазақстан бойынша рейстерге 50% жеңілдік ұсынады. Мүгедектігі бар жолаушыға жеңілдік шеңберінде 20 келі жолжүкті тегін тасымалдау да қолжетімді.

Сонымен қатар, осы бастаманың шарттары бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар және олардың жанына еріп жүретін адамдар ұшуға 100% жеңілдік алуға құқылы. Жоғарыда аталған жеңілдіктер Қазақстан аумағындағы рейстер үшін қолданылады және жылына бір рет бір адамға беріледі.

FlyArystan барлық жолаушылардың барынша жайлы сезінуіне жағдай жасауға ұмтылады. Арнайы қызметтер мен қолдау көрсете отырып, біз қарт буынға саяхаттан ләззат алуға және жаңа белестерді ашуға көмектесу арқылы қамқорлық жасайтынымызды растаймыз.

FlyArystan баспасөз қызметі