Әуе компаниясы жолаушылары мен оқырмандары жаңа әуекемеге атау таңдау ұтыс ойынына қатысып, әлеуметтік медиада өз нұсқаларын ұсынды. «Апус» атауы көбінде ескерілген болатын. Үздік нұсқа авторы @uzakovadd оқырманы болды.
Апус, оңтүстік шоқжұлдыз «төбе оңтүстікте» орналасқан, латын тілінен аударғанда «жұмақ құсы» дегенді білдіреді. Бұл атауды ұсынған оқырманның айтуынша, «Апус» жайлылық пен жылдамдықты білдіреді.
Еске сала кетсек, желтоқсан айында әуе компания паркі екі жаңа ұшақпен толықты. Олар да CO2 шығарындыларын және қоршаған ортадағы дыбыс ізін азайтатын қозғалтқыштармен жабдықталған Airbus A320 NEO лайнерлері. Сонымен қатар, бюджеттік әуекомпанияның жаңа әуелайнерлері орындар арасындағы бірдей қашықтықты сақтай отырып, тасымалдаушы паркіндегі бұрынғы ұшақтарға қарағанда 8 орынға көбірек жабдықталған, яғни FlyArystan енді одан да көп қолжетімді билеттерді ұсына алады.