К 30-летию Независимости Казахстана | 26 қараша 13:39

FlyArystan жолаушыларының саны 2 миллионға жетті

FlyArystan отандық лоукостері  қарашаның 25 жұлдызында  Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы КС7055 рейсінде өзінің 2 миллионыншы жолаушысын тасымалдады. Мерейтойлық жолаушы – оңтүстік астананың тұрғыны Абдухаликов Аслан билеттерді әуе компаниясының ресми сайтынан 6 999 теңгеге сатып алып, отбасымен сапар шеккен болатын.

Өткен жылдың күзімен салыстырғанда, биыл күз мезгілінде жолаушылар саны 78 пайызға артып, 500 мың адамды құраған. Бұл қазанда әуе флотына жаңадан қосылған жетінші Airbus A320 борттың арқасында мүмкін болып отыр.

Оған қоса FlyАrystan операциялық жұмыс басынан бастап 2 млн 200 мыңнан астам билет сатты, ал оның жартысы ең төмен тарифпен, яғни 10 мың теңгеге дейінгі бағаға сатылғанын атап кеткен жөн. Компанияның орташа жүктеме коэффициенті шамамен 90 пайызды құраса, рейстердің уақытылы орындау көрсеткіші 91 пайыздан асқан.