К 30-летию Независимости Казахстана | 03 тамыз 09:15

FlyArystan халықаралық рейстеріне әуежайда тіркелу бүгіннен бастап ақылы

2023 жылдың 3 шілдесінен бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелу қолжетімді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бонустық кезең ішінде бір ай бойы халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу тегін қызмет болады. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болатынын есіңізге саламыз.

Әуежайда тіркеуден өтетін жолаушылар «әуежайда тіркелу» қызметін 50% жеңілдікпен – 5 000 теңгеге (10 еуро) алдын ала сатып ала алады. Бұл қызмет брондау кезінде автоматты түрде қосылады, сондықтан бұл қызметті сатып алғыңыз келмесе, «қызметтен бас тарту» батырмасын таңдауға болады. Әуежайда ұшып кету алдында тіркелу – 10 000 тенге (20 еуро). Онлайн тіркелу – тегін, тек FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com арқылы қолжетімді. Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеру үшін тіркеу пунктіне келу керек. iJan терминалдары қазіргі уақытта Қазақстан бойынша ішкі рейстерде ғана қолжетімді.