Еліміздің солтүстік өңірі тұрғындарымен қатар, Ресейдің астанасына алматылықтар да тоғыспалы рейс арқылы жете алады. Келесі жылдың наурыз айының соңына дейін орындалатын рейстерге билеттер сатылымы лоукостердің мобильдік қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында қолжетімді.
Ұшуды жоспарлау бөлімі басшысы Ренат Абулхановтың сөзінше, бюджетті әуетасымалдаушы Домодедово әуежайына жету мүмкіндігін ұсынып отырғанына қуанышты.
«Инфраструктурасы дамыған, қала орталығына дейін жеңіл жету мүмкіндіктері мол – такси, автобуспен қатар, жылдам аэроэкпресс жерүсті метросын пайдаланып, Мәскеуде уақытты тамаша әрі пайдалы өткізуге болады. Өз кезегімізде, біз екі ел саяхатшыларына одан да жиі, сонымен қатар кең бағдарлар кестесіне басқа да рейстерді қосу арқылы діттеген жерге қолжетімді бағаға жету мүмкіндігін ұсынуға әзір екендігімізді хабарлаймыз», – деп жоспарларымен бөлісті Ренат Абулханов.
Ресейдің елордасына орындалатын тұрақты рейстермен қатар, 180-орынды лайнерлер Нұр-Сұлтаннан Новосибирскке рейстерді орындап келеді. Ал жақын күндерден бастап Омбы шаһарына да ұшып баратын болады.
Естеріңізге сала кетсек, бюджетті әуетасымалдаушы 2,5 жыл ішінде флотты 2 ұшақтан 10 дейін ұлғайып, 4,5 миллион жолаушыны тасымалдап үлгерген екен. Ал бүгінгі күні компания ұшақтары 46 бағыт бойынша қатынайды. Олардың ішінде халықаралық рейстер де бар – Қазақстаннан Ресейге, БАӘ, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстан елдеріне тікелей рейстер.