Астана-Өскемен-Астана бағыты бойынша рейстер аптасына 3 рет сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады. Әуебилеттердің құны 7000 теңгеден басталады. Ал Алматыдан Ақтөбеге және кері ұшатын рейстер аптасына 4 рет, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады. Бұл бағыт бойынша әуебилеттердің бағасы 10300 теңгеден басталады. Жаңа бағыттарға билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com сайты арқылы сатып алуға болады. Бір билеттің құнына борттағы кездейсоқ орын мен габариттері 5 келіден аспайтын (56*23*36 см) 1 қол жүгі кіреді.
"FlyArystan Қазақстан өңірлерін байланыстыруды, сондай-ақ қазақстандықтар үшін қолжетімді әуе сапарларын ұсыну міндетін басымдыққа қояды. Біле білсеңіздер, 2023 жылдың жазында FlyArystan жолаушыларының шамамен 9%-ы алғаш рет ұшақпен ұшты. Біз өз тарапымыздан қолжетімді саяхат, жайлылық пен жоғары сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін ұсынуға әзірміз", - деп атап өтті FlyArystan компаниясының сату бөлімінің бас менеджері Дәуір Еркінұлы.
Енді Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 1 сағат 15 минутта Астанаға жетіп, түйісу рейстерінің көмегімен Қазақстанның басқа да ірі қалаларына, сондай-ақ шетелге, Кутаиси, Баку, Ташкент және Үрімші сияқты шаһарларға қатынай алады. Айта кетерлік, енді Ақтөбе тұрғындары да Алматыға 2 сағат 35 минутта жетіп, Қазақстанның басқа қалаларына немесе шетелге, дәлірек айтсақ сүйікті Кутаисиге немесе жаңадан ашылған Үндістанның көрнекті қалалары Дели мен Мумбайға ұшып бара алады. Орталық Азиядағы бюджеттік әуетасымалдар саласындағы көшбасшы FlyArystan өз жолаушыларына бүкіл Қазақстан бойынша және көптеген халықаралық бағыттар бойынша ұшуларға тиімді тарифтер ұсынады. Айта кетерлік керек, 2023 жылдың жазында авиакомпания «Орталық Азия мен ТМД елдерінің үздік лоукостері» марапатына ие болды, бұл оның Бюджеттік әуетасымалдар саласындағы қарқынды дамуын көрсетеді.