«Наурызда әуефлотымызға 2 ұшақ қосылып, әуе желіні жаңа бағыттармен жаңарту мүмкіндігі пайда болды. Аталған Грузияның Кутаиси қаласын таңдауымыз да бекер емес. Ол географиялық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан және Тбилисиден гөрі туристтік Батуми мен Қара теңізше әлдеқайда жақын орналасқан. Сәйкесінше қазақстандықтардың өз демалыстарын FlyArystan-мен алдын-ала жоспарлау арқылы, Грузияның дәмді астарынан дәм татып, күннің сәулесінен ләззат алуға керемет мүмкәндәк туғызады деген сенімдіміз. Аталған бағыттағы сапарлар елімідің 3 қаласы және осы мекеннің көршілес тұрғындарына байланыстырушы рейстер арқылы ұсыналады», - деп өз ойымен қазақстандық лоукостер коммерциялық директоры Жанар Жайлауова бөлісті.
Ақтау-Кутаиси-Ақтау бағытындағы бір жақты рейс құны 24 999 теңгеден немесе 59 доллардан басталады. Тұрақты рейстер сейсенбі және жұма күндері іске асырылады.
Атыраудан Кутаиси қаласына және кері бағыттағы рейстер аптаның бейсенбі, жексенбі күндері ұшырылады. Бір бағыт бойынша билеттер құны 27 999 теңге немесе 66 доллардан басталады.
Ал елордамыздың тұрғындары өз сапарларын ыңғайлы Airbus A320 ұшақтарымен аптасына екі рет – сейсенбі мен бейсенбі күндері 34 999 теңгеден бастап орындалады. Кутаиси қаласынан Нұр-Сұлтанға 83 доллардан бастап ұшу мүмкіндігі бар.
Түркістан-Ыстамбұл-Түркістан халықаралық бағытынан кейін, Грузия – қарқынды түрде дамып келе жатқан отандық лоукостердің жаңа бағдары. Енді бұндай төмен бағалар арқылы жолаушылар 21-ші қазанға дейін саяхаттауға мүмкіндік беретін рейстерге билеттерді FlyArystan қосымшасы арқылы немесе компанияның ресми сайты flyarystan.com арқылы ала алады.