К 30-летию Независимости Казахстана | 27 шілде 16:30

FlyArystan күзде Қытайға ұшады

Қазақстандық лоукостер FlyArystan өзінің халықаралық маршруттар желісін кеңейтуді жалғастыруда және Астана-Үрімші-Астана жаңа бағыты бойынша әуебилеттерді сата бастағаны туралы қуана хабарлайды. Қытайға рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Астана-Үрімші бағдарындағы әуебилеттердің ең төменгі құны – 18 000 теңге, ал ұшу ұзақтығы – 2 сағат 40 минутты құрайды.

Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы, Үрімші қаласы пандемияға дейінгі кезеңнің сүйікті бағыттардың бірі болып келгенін еске сала кеткен жөн. Ұлы Жібек жолының соңғы нүктесі болған қала бүгінде Азиядағы ірі қалалардың бірі бола отырып, өзінің табиғи орналасуымен ғана емес, сонымен қатар пайдалы мүмкіндіктерімен де туристерге сүйікті атанды. Бұл қала тауарлардың кең ассортименті бар көптеген базарларға бай. Мысалы, киім-кешек, аяқ киім, тоқыма және т.б. көп таңдауы бар Үлкен базар. Сонымен қатар, туристердің Үрімшіде Тянь-Шань тау етегінің көркем көріністерін тамашалауға, Қызыл тау саябағына шығуға, Конфуций ғибадатханасына баруға және тері мен буын ауруларын емдейтін термальді бұлақтарымен әйгілі Шуймогоу саябағында демалуға мүмкіндіктері бар. Оcыған қоса, бұл қалада сегізаяқтың шатырлары мен басқа да экзотикалық тағамдардың дәмін татудың бірегей мүмкіндігін атап өткен жөн. 

«Астана-Үрімші-Астана жаңа бағыты Қазақстанның астанасын Қытайдың батысындағы ең дамыған қалалардың бірі – Үрімшімен байланыстырады. Қала Шыңжаңның солтүстік және оңтүстік бөліктерін байланыстыратын маңызды көлік торабында орналасқан және шекаралық сауданы дамытуға бағытталған географиялық пен этнографиялық артықшылықтарға ие. Шыңжаң Ұйғыр өлкесі мен Қазақстанның тілдері, діні, тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлері ұқсас, ал бұл өз кезегінде әріптестіктің дамуына тамаша жағдай туғызады. Біз жолаушыларымызға 180/188-орынды жайлы Airbus A320 ұшақтарында орындалатын қолжетімді рейстерге тамаша мүмкіндік беруге қуаныштымыз. Сонымен қатар, жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлауды ыңғайлататын төмен баға күнтізбесін пайдалана отырып, FlyArystan қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында билеттерді қолжетімді бағамен сатып алуды ұсынамыз», – деді, әуекомпанияның маршруттық желісін жоспарлау жөніндегі директоры, Ренат Әбілханов.

FlyArystan бюджеттік әуе тасымалы нарығының көшбасшысы ретінде өз жолаушыларына қолайлы бағамен ең жайлы және қауіпсіз ұшу тәжірибесін ұсынуға тырысады. Астанадан Үрімшіге билеттер құны 18 000 теңгеден басталады және оған борттағы кездейсоқ орын мен өлшемдері 56*23*36 см-ден аспайтын 5 кг-дық 1 дана қолжүгі кіреді. Әуекомпания саяхатшыларды осы бағытты таңдауға және қаланың жарқын атмосферасын сезінуге шақырады, сонымен қатар FlyArystan қосымшасында немесе flyarystan.com сайтында күзгі маусымға әуебилеттерін ерте брондау сапарыңызды әлдеқайда тиімді ететінін еске салады. 

Түркия, Грузия, Үндістан, Әзірбайжан, БАӘ, Қырғызстан және Өзбекстаннан кейін Қытай қазақстандықтар қолжетімді бағамен ұша алатын 8-ші ел болғанын естеріңізге саламыз. Сондай-ақ, әуетасымалдаушы жақын арада ұсынылатын жаңа бағыттар туралы жаңалықтарды жіберіп алмас үшін жаңалықтарды қадағалап отыруды ұсынады.