К 30-летию Независимости Казахстана | 23 сәуір 09:06

FlyArystan мобильді қосымшасы мен сайты ыңғайлы бола түсті

FlyArystan мобильді қосымшасы мен сайтына іраз өзгерістер енгізіліп, дизайны жаңартылды.

«Біз мобильді қосымша туралы көптеген пікірлер алдық және сіздердің тілектеріңізді енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық! Енді бағдарламаны жүктеп алған қолданушылар қосымшаның неғұрлым озық және ыңғайлы нұсқасын пайдалана алады. Егер мобильді бағдарлама жүктелген болса, оны міндетті түрде жаңартып, жаңа өзгерістерді сезіңіз», - делінген компанияның facebook парақшасында.

 

Сондай-ақ, ресми сайтта біраз өзгеріс енгізілген: жаңартылған дизайн және қосымша қызметтерді брондаудың жаңа, ыңғайлы форматы енді қолжетімді!