К 30-летию Независимости Казахстана | 14 наурыз 15:42

FlyArystan-ның он төртінші лайнері Apus аталады

Әуе компаниясы жаңа лайнерге ат таңдауға арналған байқаудың қорытындысын жариялады.

FlyArystan әуе компаниясы флотқа жақын арада қосылатын 14-ші лайнердің атын таңдауға арналған байқаудың қорытындысын жариялады. Ол бойынша «Apus» атауы жеңімпаз атанды.

Он төртінші лайнер әуе компаниясының флотын таяу уақытта толықтырады.

«Жақында біздің «Apus» Қазақстанға Франциядағы Airbus өндірушісінің зауытынан тікелей ұшып келіп, әуефлотымыздың төртінші Airbus A320 Neo ұшағы болады» делінген компанияның хабарламасында.

Ал байқау жеңімпазы мен екі белсенді оқырман FlyArystan сыйлықтарымен марапатталады.