Рейстер 1 желтоқсаннан бастап аптасына 2 рет орындалады: болашақта нарықтың талап етуіне қарай рейс санын ұлғайту да қарастырылады. Рейстер Нұр-Сұлтаннан сейсенбі мен жұма күндері, ал Алматыдан – дүйсенбі мен сенбі күндері жасалады. Билеттер flyarystan.com сайтында немесе лоукостердің мобильді қосымшасында сатылымда. Нұр-Сұлтан бағыты 6 999 теңгеден басталса, ал Алматыдан Түркістанға қшу бағасы 5 999 теңгеден басталады.
«Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енген орта ғасыр сәулетінің жауһары, бүкіл қазақстандықтардың баруға тиісті киелі жерлердің бірі. Бұған қоса елді мекен бұрындары Яксарт, ал қазіргі Сырдарияның солтүстігімен шектесетін Отырар қаласымен шектеседі. Жібек жолы бойындағы ірі шаһардың тарихы да керемет – дәл осында Александр Македонский жеңіліске ұшырап, 1405 жылы Ақсақ Темір Отырарда көз жұмған. Енді тарихы бай өлкеміз ірі қалаға айналып, өзінің қонақтарын жаңадан салынған Хазірет Сұлтан әуежайында қарсы алмақ. Жайлы сапарлар Еуразияның бірінші лоукостері әуе лайнерлерімен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан орындалады», – деді «Air Astana» компаниялар тобының президенті Питер Фостер.
Ол киелі Түркістанға тікелей рейстерді алғашқы тасымалдаушылардың бірі болып FlyArystan орындайтынын және бұл қала лоукостердің бағдарлар желісіндегі он төртінші қала болғанын атап өтті.