Былтыр Қазақстанның бюджеттік әуекомпаниясы Skytrax авиациялық аудитінен өтіп, “4 жұлдызына” ие болғанын айта кеткее жөн. Енді FlyArystan Skytrax аудитінің ең жоғарғы бағасына ие болып қана қоймай (әлемде бірде-бір 5 жұлдызды лоукостер жоқ), сонымен қатар Орталық Азия аймағындағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының арасындағы үздік лоукостер ретінде танылды.
Flyarystan басқарушы директоры - Эдриан Хамильтон-Маннстың айтуы бойынша: “Бүгінгі марапат бүкіл FlyArystan ұжымының жұмысының жемісі. Бізде мақтан тұта алатын 750-ден астам әуе саласының мамандары жұмыс істеп жүр және олар күн сайын үздік бюджеттік әуекомпанияны құруға бар күштерін салуда. 2019 жылы FlyArystan операциялық жұмыс басынан бері, Қазақстанның ішкі нарығындағы жолаушылар жалпы санын екі есе артты. Тек 2023 жылдың өзінде Қазақстанда 9 миллионнан астам адам әуесаяхатты таңдайтын болады, ал олардың 50%-ға жуығы FlyArystan ұсынған төмен тарифтермен сапар шегетінін ескерген жөн. Арзан билеттер мен тамаша қызмет үйлесімділігі осы жетістікке әкеліп отыр. Flyarystan Skytrax-ке осы жоғары марапат үшін алғысын білдіреді. Біздің бұл атаққа ие болғанымыз шексіз қуаныш!”.
Бар болғаны 4 жыл ішінде Air Astana тобының лоукостері әуепаркін 2-ден 15 ұшаққа дейін ұлғайтып, 10 миллионнан астам адамды Қазақстан ішінде ғана емес, сонымен қатар Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, БАӘ, Үндістан және тағы басқа елдерінде қолжетімді бағамен болып қайтуға мүскіндік берді. Алдағы уақытта FlyArystan әуепаркін әрмен қарай өсіру арқылы халықаралық бағдарлар желісін кеңейтуді және одан да көп қолжетімді билеттерді ұсынуды жоспарлап отыр.
Skytrax премиясының бас директоры Эдвард Плейстед: «Орталық Азияның өсіп келе жатқан лоукостерлер нарығының жаңа мүшесі ретінде біз FlyArystan-ды биылғы World Airline Awards-тағы марапатпен құттықтаймыз. Осы кезеңде тұтынушыларға сондай жақсы әсер қалдыру – керемет жетістік. Бұл, өз кезегінде, әуекомпанияның басшылығы мен қызметкерлері үшін үлкен мақтаныш».
Skytrax – 1989 жылы Лондонда құрылған британдық консалтинг агенттігі. Ол жаһандық деңгейде әуетасымалдаушылар мен әуежайлар ұсынатын қызметтердің сапасы туралы ақпарат жинайды. Деректерді зерттеу және жинау респонденттерден алынған сауалнамалардың бірнеше түріне негізделген. Skytrax агенттері кездейсоқ жолаушылардың арасында жеке немесе телефон арқылы сауалнама жүргізе алады. Сонымен қатар, клиенттер тұрақты онлайн сауалнамаларға өз бетінше қатыса алады. Осы мәліметтер негізінде рейтингтер қалыптасып, марапаттар беріледі.