ТЖ кезінде (5-11 қаңтар аралығында) 11 халықаралық рейс: Грузиядан 2, БАӘ 6, Түркиядан 1 рейс орындалмағанын хабарлаймыз. Байланыстың жоқтығынан 5-11 қаңтар аралығында байланыс орталығы, оған қоса брондау жүйесі толықтай/жартылай жұмыс жасаған жоқ. 11 қаңтардан бастап байланыс орталығы жұмысы қалпына келтіріліп, сайт пен брондау жүйесі жарым-жартылай іске қосылды. Бұл арқылы жолаушыларды жақын рейстерге отырғызу мүмкіндігі пайда болды.
Осылайша, 12 және 15 қаңтарда Кутаиси-Нұр-Сұлтан рейстері, 13 қаңтарда Кутаиси-Атырау, 14 қаңтарда Кутаиси-Ақтау рейстері орындалады. Бұл рейстер арқылы ТЖ бірінші күндері ұша алмай қалған жолаушылар Қазақстанда қайта оралып келе алады. БАӘ-нен отандастарды Дубай-Ақтау рейстері арқылы 15 және 17 қаңтарда, ал 15 және 17 қаңтарда Дубай-Шымкент қайтарып әкелу көзделіп отыр. Аталмыш рейстермен Дубай және Шарджадан (Алматыға ұшып шыға алмаған) азаматтар жете алады. Алдымен ТЖ кезінде ұшпай қалған жолаушыларды алып кетеді.
Бұған қоса, орындалмаған рейстер немесе ТЖ кезінде ұшудан (ішкі/халықаралық бағыттарда) бас тартқан жолаушылар билет құнын толықтай қайтарып немесе билетті айыппұлсыз қайта брондай алады. Барлық жолаушылар билет сатып алған жерге хабарласуға тиісті. Flyarystan.com сайтында немесе әуекомпанияның мобильдік қосымшасында билетті сатып алған жолаушылар қайтарымды өздері рәсімдей алады. Жүйе дұрыс жасамаған жағдайда немесе қайтарым құны толық болмаған жағдайда refund@flyarystan.com электронды поштасына хабарласуды сұраймыз. Барлық сұраулар міндетті түрде кезекпен қарастырылады. Алайда қазіргі жағдайға байланысты ұзағырақ қарастырылуы әбден мүмкін.
Лоукостердің күнделікті рейстер кестесі әуекомпания сайтында, Инстаграм, Фейсбук және Телеграм әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларды және БАҚ жарияланады.
Ішкі рейстер жолаушылардан ұшуға кемінде 2 сағат қалғанда, ал халықаралық рейстер жолаушылардан ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда әуежайдағы тіркеу бағанасына уақытылы келуді сұраймыз.