FlyArystan әуе компаниясы Шымкент қаласынан Үндістан астанасы – Делиге жолаушы тасымалдауды жоспарлап отыр.
«Шымкенттен мың бояулы Үндістанға! Жолаушыларымызды жаңа бағыттармен қуантуды жалғастырып, Шымкент - Дели - Шымкент жаңа бағыты бойынша сатылымдардың ашылғанын қуана хабарлаймыз», - деп жазды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Рейстер 22 мамырдан бастап орындалады. Ұшу күндері: дүйсенбі және бейсенбі күндері Билет құны 24 209 теңгеден басталады.FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді. Бір бағыттағы билет құны, ұшақ бортында кездейсоқ орынды және 5 кг қолжүгінің 1 бірлігін (56*23*36) қамтиды. Халықаралық рейстерге тарифтің құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін. Қызмет ақысы қосымша алынады.