2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап барлық жолаушылар (оның ішінде ҚР екпе алған азаматтары) ПТР сынамасының теріс нәтижесі болған жағдайда ғана Қазақстанға келе алады. Анықтама тестті тапсырған сәттен бастап 72 сағат жарамды. Осыған байланысты ҚР кірудің жаңартылған ережелерімен алдын ала танысу қажет.
«FlyArystan ұшып жүрген шет елдерге кіруге қойылатын талаптармен біздің сайтта танысуға болады. Әр елде талаптар өзгеше екеніне назарыңызды саламыз. Жолаушыларға қосымша қызметтер ұсынылады, соның ішінде жолжүк, спорттық құрал-жабдықтарды немесе жануарды тасымалдау, тамақтану мен тағы басқасы» делінген компания таратқан хабарламада.
