К 30-летию Независимости Казахстана | 30 наурыз 16:37

Франция жаңа жүрдек пойыздарды іске қоспақ

Францияның ұлттық темір жол мекемесі (SNCF) сағатына 320 шақырым жол жүруге қабілетті TGV-M жүрдек пойыздарының соңғы буынын іске қосуға дайындалуда, деп хабарлады Rail-news.kz.

Аталған пойыздың бірі қазір Чехия маңында жүр. Тағы бірі Венаға жол тартты.  Ол жерде пойызды -20°C-тан  -40°C-ға дейінгі температурада сынақтан өткізеді.  

Екі қабаттан тұратын соңғы үлгідегі пойыздар келешекте ішкі және халықаралық жоғары жылдамдықты маршруттар бойынша қызмет етпек, яғни Париж-Лондон және Париж-Милан бағыттарында жүреді.

Тапсырыс берілген 115 пойыздың 15-і жақын аралықта Милан бағытындағы ескі TGV-лерді ауыстырады.