К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қазан 12:30

Франция TGV M пойызын жоғары жылдамдықты магистральда сынайды

Француз темір жолдары ұлттық қоғамы (SNCF) және Alstom TGV M (Avelia Horizon) жүрдек пойыздарының жаңа буынын сынақтан өткізуді жеделдетуде.  

Айта кетсек, 2023 жылдың маусым айынан бастап Францияда бірінші TGV M пойызын сынақтан өткізу жүргізілді. Ал, қыркүйекте пойыздың жүрісі алғаш рет 320 км/сағ ең жоғарғы жұмыс жылдамдығына дейін өсті.

Бұған дейін аталған пойыздарды Чехияның жоғары жылдамдықты магистральінде сынақтан өткізіп, сағатына 200 км жылдамдықпен жүргізген. Кейін Венада –20 дан +40 °С тепературада сынақтан өтті.

Тестілеуді жылдамдату үшін екінші TGV M пойызының сынақтары 2023 жылдың қазан айында басталады. 2023 жылдың қараша айының ортасынан бастап пойыз елдің оңтүстік-батысындағы Тур мен Бордо арасындағы Sud Europe Atlantique (SEA) жоғары жылдамдықты желісінде жұмыс істей бастайды. Бұл ретте пойызда SNCF Voyageurs және Alstom жолаушылар операторының 25-30 инженер-техникалық қызметкерлерінен тұратын сынақ тобы бірге жүреді.