Ол қатысушыларға «Самұрық-Қазынаның» артықшылықтары жайында айтып, француз компанияларын бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Ұлттық әл-ауқат қоры басқаруындағы активтердің көлемі бойынша әлемде 22-ші орын алады. Бүгінде «Самұрық-Қазына» басқаруындағы активтер 81 миллиард АҚШ долларынан асады.
«Самұрық-Қазына» Total Energies, Orano S.A., Societe Generale, EDF, Alstom сияқты Францияның ірі компанияларымен серіктестік орнатқан. Сонымен қатар, 4-5 қарашада Парижде Қордың портфельдік компаниялары – ҚТЖ, KEGOC, ҚазМұнайГаз және Қазатомөнеркәсіп пен француз ұйымдары арасында келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.