К 30-летию Независимости Казахстана | 21 қазан 10:15

Газ өңдеуде ынтымақты арттыратын құжат

QazaqGaz және Adani Petrochemicals газды өңдеу бағытында бірлесіп жұмыс істейді.

QazaqGaz Ұлттық компаниясының Экономика және қаржы жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Ақан және Adani компаниялар тобының Бизнесті дамыту және стратегия жөніндегі жетекші басқарушысы Маюкх Синха өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған құжат жалпы құны шамамен 3 млрд долларды құрайтын мұнай химия және газды өңдеу саласындағы әлеуетті жобаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.