Әділ Нұрмановқа тарту етілген ерекше сыйлық – кен орнының 40 жылдық тарихы қамтылған «Қазыналы Қаражанбас» кітабы. Туындыдан кен орнын игерудің алғашқы қадамдарымен, компанияның жылдан жылға дамуы және ұжымның еңбек жолындағы ерліктерімен таныса аласыз. Тараулардың бірі елімізге жаңа кен орнын алғашқы боп ашқан Әділ Нұрмановтың әңгімесімен ерекше.
«Геолог ретінде осындай бірегей кен орнын ашуға қатысқаныма қуаныштымын. Әр мереке сайын келіп, құттықтайтын ҚБМ басшылығы мен ұжымына шексіз алғысымды білдіремін. Мұнайымыз сарқылмасын», – деді ардагер.
Әділ Нұрманов 1974 жылдың 26 қаңтар күні Қаражанбас кен орнында алғашқы мұнай фонтанының атқылауына себепші болған геолог. Сондықтан оның есімі мұнай-газ саласы тарихында алтын әріппен жазылған.