К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қыркүйек 10:35

Германия астанасында теміржол техникаларының көрмесі өтіп жатыр

Берлин қаласында теміржол техникаларының әлемдегі ең ірі  InnoTrans халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Тұрақты мобильділік тақырыбымен өтіп жатқан көрмеге мыңға жуық қонақ шақырылған, олардың ішінде Еурокомиссияның көлік жөніндегі комиссары Адина Вэлян және Германия көлік министрі Фолькер Виссинг бар.

Көрмеге 56 елден 2834 экспозиция қойылған, оған қоса теміржол техникасы мен технологиясының 250 әлемдік премьерасы болады деп күтіліп отыр.  

Жалпы ұзындығы 3500 метрлі ашық алаң жолына жылжымалы құрамның 124 үлгісі қойылған. Көрмеге қатысушы компаниялардың стендтері жалпы ауданы 200 мың шаршы метр болатын Messe Berlin көрме кешенінің 42 павильонында орналасты.

Көрмеге экспонент ретінде 29 халықаралық қауымдастық, 15 өндірістік бірлестік және 20 теміржол операторы  қатысып жатыр.