Осы мақсатта бір ай бойы жеті құрылымдық бөлімшенің әкімшілік ғимараттарында орнатылған «жақсылық жәшіктеріне» түрлі киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары жиналды. Бұл заттардың бәрін қызметкерлер өз еркімен өткізіп, оларды Біріккен жастар қозғалысының еріктілері көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жалғыз тұратын зейнеткерлерге таратып берді.
Қайырымдылық шарасы бір реттік науқан емес, сондықтан тілек білдірушілер игі іске өз үлесін жыл бойы қосуына болады.