К 30-летию Независимости Казахстана | 02 желтоқсан 09:20

Жамбыл облысында жаңа зауыттың іргетасы қаланды

«Самұрық-Қазына» мен қытайлық SANY Renewable Energy компаниясының басшылары жел генераторларының құрамдастарын шығаратын зауыттың іргетасын қалады.

Жоба аясында жел электр станцияларына арналған гондолалар, күпшектер, мұнаралар және басқа да негізгі құрамдастар шығаратын зауыт салу жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 114 млн доллар. Жоспар бойынша зауыт 2025 жылдың соңында іске қосылуы тиіс.

 

«Біріншіден, 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Екіншіден, 114 млн доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның даму институттарынан қосымша қарыз алынбайды. Үшіншіден, жергілікті өндіріс деңгейі артып, кемінде 30% болады. Ол үшін SANY RE қосымша R&D зерттеу орталығын ашуды жоспарлап отыр», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Жоба Қазақстанда салынатын жел электр станцияларын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.

 

Жалпы, электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін «Самұрық-Қазына» серіктестерімен бірге 2030 жылға дейін шамамен 6 ГВт жаңартылатын энергия көздерін іске қосуды жоспарлап отыр.