Акция мақсаты – O(І), A(ІІ), B(ІІІ), AB(VІ) қан топтары қорының резервін қалыптастыру.
Қан орталығының басшысы Гулам Омаровтың айтуынша, донорлардың қан топтары Түрік өндірушісінің Octo-M анализаторы Dia Pro және OrthoClinical (АҚШ) компанияларының соңғы жоғары дәлдіктегі жабық типті автоматты құрылғылары арқылы анықталады екен. Бұл анализаторлар гель карталарымен жұмыс істеуге арналған, бұл қан тобы мен Rh факторын анықтау процесінде екі есе сенімділікті қамтамасыз етеді.
– Құрылғылар толығымен автоматты, жоғары өнімділікке ие. Қан топтарына анализ жасап, тиісті компоненттерді дайындап, өңдейді. Жамбыл облысының барлық емдеу-профилактикалық ұйымдарын қамтамасыз ету үшін донор қажет. Науқас жандарға дер кезінде көмек көрсету үшін біз азаматтарды қан тапсыруға шақырып, осындай арнайы іс-шаралар ұйымдастырып отырамыз. Акцияға үн қосқан «Тараз көліктегі оқу орталығы» филиалының қызметкерлеріне алғыс білдіреміз, – дейді Гулам Омаров.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"