11-13 сәуір аралығында Талас станциясынан Атырауға 72 техника тиеген 53 платформа жіберілген болатын. Ал өткен аптада 11 платформаға 17 техника тиеліп, Ақтөбеге жеткізілді.
– Су басқан елді мекендердердегі тасқын судың деңгейі төмендеген соң, аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық мәселелер туындағаны белгілі. Сондықтан бұл жолы негізінен дезинфекциялық жұмыстарды жүргізетін құрылғылар мен құралдар, техникалар жіберілді, – дейді Жамбыл ЖТ директоры Айдын Сейітбенбетов.
Жергілікті облыс әкімдігі өңірдегі ірі өндіріс орындары мен зауыттарды, жекелеген шаруа қожалықтары мен мекемелерді тарта отырып, қажетті техникаларды жинаған. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі техникаларды керек жеріне уақытылы жеткізіп берді.
Бұдан бұрын Жамбыл бөлімшесінің ұжымы су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы халықты қолдау үшін бір күндік еңбекақыларын аударған болатын.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"