Басқарма төрағасы болып Қайыржан Есен Қайыржанұлы сайланды. Қайта сайланған Басқарма мүшелері: Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қасымғалиев Қанатбек Махмұдұлы, Басқарма төрағасының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары Әділбеков Қайрат Әділбекұлы, Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Тасмағамбетова Рысты Нұрғалиқызы, Басқарма төрағасының жалпы мәселелер бойынша орынбасары Нақпаев Сәлімжан Жұмашұлы және заң департаментінің директоры Тоқмұрзиев Асқар Әділбекұлы.
"Жаңартылған Басқарманың өкілеттік мерзімі 2020 жылдың 21 қаңтарынан 2023 жылдың 20 қаңтарына дейінгі аралық деп белгіленді" деп хабарлайды "Ембімұнайгаз" АҚ қоғаммен байланыс қызметі.