Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушыларды кәсіптік бағдарлау, темір жол мамандықтарымен таныстыру, сондай-ақ темір жолдағы жүріс-тұрыс нормаларын түсіндіру және жолдардағы балалар жарақатының алдын алу.
Депо жұмысы туралы өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы Карина Мұхтарова айтып берді. Экскурсия жеке қорғаныс құралдарын (ескертпелік белгісі бар кеудеше мен касканы) алудан және міндетті түрде нұсқамадан өтуден басталды.
Экскурсия барысында теміржолшылар темір жолдағы жүріс-тұрыс ережелерін алға тартып, пойыздар қозғалысы аймағында жауапсыздықтан қауіптілік туындайтыны нақты мысалдармен түсіндірілді.