«Міне, Екібастұз ГРЭС-1 ұжымында істегеніме 35 жылдан асты. 1983 жылдың 5 желтоқсанында осы мекеме табалдырығынан аттаған екенмін. Бастапқыда қызметіме қазандық-турбина цехының машинист-қараушысы ретінде кірістім. Бүгінде станциядағы ауысымның біріне жетекшілік етемін», - деп әңгімелеген Әлібек Мырзабекұлы жүктелген міндеттегі ең маңыздысы өндірістегі үдерістерге айрықша қырағы наразылық пен жеделдік екенін нұсқайды. Себебі үлкен аумақта кез-келген оқыс оқиға мен қысылтаяң жағдайға дайын баптан таймаған жөн.
Кейіпкеріміз туғандай боп кеткен төл ұжымы туралы мақтанышпен жырлап, әріптестерінің стратегиялық нысан көрсеткіштерінен тыс, тұтас ел қамы жолында да талмай еңбек етуде екенін айтады. Сондықтан мейрамдар мен атаулы күндерде де тоқтаусыз жұмыс істейтін станция көбісіне екінші үйге айналған.
«Жеке басым Жаңа жылға түсетін тәулік барысында өзге жандарға әрдайым көтеріңкі көңіл-күйді жоғалтпай, мүмкіндігінше өмірдің келесі 12 айдан тұратын кезеңін туған-туыс, жақындардың ортасында қарсы алуды тілеймін. Әр шаңырақта жылы әрі жарық болсын! Еліміз гүлдене, өркендей берсін!», - дейді қолы қалт етсе бос уақытын асыл жары мен ұл-қызына арнауды жақсы көретін Әлібек аға жадыраңқы райда қоштаса отырып.
Кемел МАРАТ