Жаңашылдық ең алдымен, өндірістегі қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Кодекс еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыру, әрбір жұмысшының жазатайым оқиғаларға жол бермеуге жеке мүдделілігі, сондай-ақ олардың еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге белсенді қатысуын қамтиды.
Кодексті іске асыру бағыттарының бірі – әрбір қызметкер арнайы сауалнама толтыру арқылы аталмыш бағыт бойынша өз ұстанымдарын енгізеді.
«Мысалы, қызметкерлердің ұстанымдары құндылықтарды қолдау, принциптерді түсіну, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ҚБМ заңнамалық талаптарын білу және сақтау, тәуекелдер мен зиянды өндірістік факторларды түсіну, тәуекелдерді басқарудағы өз жауапкершілігін, сондай-ақ нәтижеге қосатын өз үлесін түсіну арқылы көрінуі мүмкін», – деп атап өтті ҚжЕҚ, ҚОҚжДҚ мамандары.