2021 жылдың ақпан айында 15 мың тонна көлеміндегі шикізаттың бірінші партиясы сәтті жеткізілді. Енді магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы экспортталады. Аталмыш құбырдың іске қосылуы тасымалдау құнын едәуір төмендетуге, жеткізу кезіндегі үзілістерді және теміржол көлігін пайдалану қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Оған қоса мұнай қалдықтарының төгілу қаупін азайтады.
Құбырдың құрылысы инвестор тарапынан жүзеге асырылды. Айдау қуаттылығы жылына бір миллион метр тоннаға дейін, ал тасымалдаудың жоспарланған көлемі жылына 500 мың тоннаны құрайды.
«Біз бұл жобаның іске асырылуын бес жыл бойы күттік. «CASPI BITUM» БК» ЖШС зауытынан «ҚазТрансОйл» АҚ «Ақтау» бас мұнай айдау станциясына дейін мұнай тасымалдау кезінде көптеген кедергілер, шығындар болған еді. Бұған дейін тасымалдау теміржол арқылы жүрді. Қазір енді жоба сәтті жүзеге асты. Біздің компания жылына 1 млрд теңгеден астам үнемдейді деп жоспарлап отырмыз. Бұл біздің компанияға коммерция жағынан өте үлкен жетістік», - деді «Қаражанбасмұнай» АҚ коммерциялық мәселелері жөніндегі вице-президенті Бауыржан Баймулдинов.