Жабдық күрделі және пайдалану шығындарын азайту кезінде су мен энергияны қосымша үнемдеуді, пайдалану қауіпсіздігін және қоршаған ортаға ықтимал теріс әсерді азайтуды қамтамасыз ететіндей етіп таңдалды.
«Біздің жаңа nextSTEP™ флотация технологиясы концентраттардың сапасын жақсартады, ЖӨҰ диірмені икемділікті арттырады, ал автоматика мен цифрлық шешімдер пайдалану қауіпсіздігімен қатар су мен энергияны үнемдейді», – деді компаниялар тобының бас директоры және Mining FLSmidth филиалының президенті Микко Кето.
FLSmidth – әлемнің 60 елінде жұмыс істейтін және 2030 жылға қарай тау-кен өнеркәсібінде нөлдік шығарындыларға қол жеткізуді тұрақты дамыту мақсаты деп жариялайтын трансатлантикалық компания.
«Келісімшарттың құны 136 млн 250 мың доллар. Жеткізу кейіннен жабдықтарды пайдалануға бере отырып, 2023-2024 жылдар ішінде орындалуы тиіс», – деді «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ Жобаларды басқару жөніндегі бас директоры Әсел Рахимова.