К 30-летию Независимости Казахстана | 02 қараша 07:32

Жаңаарқада жол мерзімінен бұрын жөнделді

«ҚазТрансОйл» АҚ Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Атасу кентінен Мұқажан Жұмажанов ауылынан өтетін «Атасу» бас мұнай айдау станциясына дейінгі Жаман-Сарысу өзені арқылы өтетін көпірлі автокіреберіс жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды SKnews компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шарт талабына сәйкес, жол жөндеу жұмыстары биылғы 30 қарашасына дейін аяқталуы керек болатын. Алайда, күзгі суық пен бұл уақытта болатын жауын-шашынды ескере отырып, компания жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жұмысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Сонымен қатар, жолдың екі шетіндегі жүріс бөлігінің жиектері де жөнделіп, Жаман-Сарысу өзені арқылы өтетін темір-бетон көпірінің қоршаулары мен тіреуіштері боялды. Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 41 жол белгісі орнатылды.

Аталған жолды жөндеуге «ҚазТрансОйл» АҚ 65 млн теңге бөлді. Жөнделген жолдың ұзындығы –3 252 метр болса, жолдың жүру бөлігінің ені – 6 метр.