«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Samruk-Kazyna Trust қолдауымен Жаңаөзен қаласында жаңа Орталық қалалық кітапхананың құрылысы жүріп жатыр.
Жалпы ауданы 2 мың шаршы метрге жуық кітапхана 100 мыңға дейін кітап қорын сақтауға есептелген. Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу және инженерлік жұмыстар жүргізілуде.
Құрылыс аяқталғаннан кейін кітапхана Жаңаөзен тұрғындары үшін заманауи мәдени-білім беру орнына айналады. Мұнда кітап оқу, білім алу және қоғамдық іс-шаралар өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалады.
ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде білім беретін, мәдени, медицина және спорт нысандарының бой көтеруіне үнемі мән беріп келеді.