Жобаның мақсаты – Жаңаөзен қаласындағы аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 сынып оқушыларына саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу, әр тұлғаның жеке ерекшеліктеріне сәйкес саналы кәсіби таңдау жасауға психологиялық дайындығын қалыптастыру және мансапты жоспарлау саласында оқушылардың құзыреттілігін арттыру. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына түсуге дайындық жүргізіледі.
Жоба аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 сыныптың 165 оқушысына онлайн және офлайн оқыту курстары, ҰБТ-ға дайындық және Жаңаөзен қаласындағы 10 сыныптың барлық балаларына кәсіби бағдар шаралары ұйымдастырылады.
Жобаның бірінші кезеңінде оқушылардың жеке қабілеттері анықталады, екінші кезеңде кәсіби білім мен психологиялық қолдау көрсетіледі. Ал соңғы кезеңде оларды оқу орындарына түсуге дайындайды.